Ағымдағы жылдың 20-шы мамыр күні Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Жұлдызды шеру-2019» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.
<a href="/files/sites/1383501249717933/files/15.05.19%D0%B6/%D1%85%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%20%E2%84%961.docx" target="_blank">Хаттама №1</a>
7«Ә» сыныбындағы ата-аналармен бірлесіп «Отбасылық сауаттылық оқу » клубында «Баласы кітап оқыған ел бақытты ел» тақырыбында оқырман конференциясы өтті.Бұл сыныпта 5-сыныптан бастап, барлығы 75 кітап талданды .Балалар өздері оқыған кітаптырын зерттеу мақсатында«Оқырманның зерттеу күнделігін» толтырып отырады.Ата-аналар балаларының тіл мәдениетінің дамып келе жатқанын мойындап отыр.Бұл-«Отбасылық сауаттылық» жобасының авторы Момынқұлова Алтынның жоспарлы,үздіксіз жүргізілген жұмысының нәтижесі . Конференция барысында ата-ана,бала,ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас куәсі болдық. Баланың кітап оқуына осы үштіктің бірлескен одағы жәрдем беруде .Конференциясы ұйымдастыруда ұстаздар Иманалиева Алма Бейсеханова мен Махшар Айжан үлкен көмек көрсетті.Ұстаздарға алғыс айтамыз.
Бүгін мектепте үлкен той, мереке. «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» мектебіміздің туған күні ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі. Сценарий жоспарында көрсетілген барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Мерекенің ашылу салтанатын мектеп директоры Зауре Жакановна ашып беріп, «Мұрагер» домбыра оркестрінің өнерімен аяқталды. Лицей күнінде ата-аналар, ұзтаздар, оқушылар бірлесе әсерлі өтуіне мүмкіндік жасады. 2018-2019 оқу жылында жетістікке жеткен оқушыларға және олардың ата-аналарына құрмет көрсетілді. Олардың қай-қайсысы да халықаралық сайыстарда мектеп туын биікте желбіреткен дарынды жастар. Сондай-ақ, мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласып, лицей ұжымына қолғабыс етіп жүрген ата-аналар да назардан тыс қалған жоқ. Олар да арнайы алғыс хаттарға ие болды. Акт залында «Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет! » атты жұлдыздар шеруі өткізіліп, өнер, спорт, ғылым, білім жүлдегерлері мен ата-аналары тамаша мерекелік іс-шараға куә болып, алғыс хаттармен марапатталды. «Білімді ұрпақ – қашан да ел тірегі» деген сөзге жүгінсек, біздің мектептен түлеп ұшқан талай білімді жас Отанының дамуына зор үлес қосатыны шүбәсіз. Ия, мектеп барлық оқушының, ұзтаздардың, ата-аналардың есінде мәңгі сақталады. Жап-жарық сынып бөлмелері, қатал ұзтаздар, білікті басшылар, ата-ана талабы.....бәрі бәрі әр тұлғаның жүрегінде болары сөзсіз. Бүгінгі мектебіміздің жаңа бейне, келбеті қуантады. Бәрімізді шығармашылық, рух пен білімге жетелейтін ғажап мекен жасай берсін!
Өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6 – сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыстар өткізілді. Ойын 2 кезеңнен тұрды. Жер бетін құлпыртқан алқызыл гүлдер сияқты әр сынып іс-шараға көрік берді. Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
Оқушыларды дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануға баулу мақсатында 7-сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
Ата-аналарды, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгерту мақсатында 2-ші сыныптың ата-аналары, оқушылардың арасында спорттық жарыс өтті. Ата-аналар волейболдан жарысқа түссе, оқушылар арасында эстафеталық жарыстар болды. «Шебер», «Кім жылдам?», «Шегірткелер», «Доппен секіру» эстафеталық ойындары көпшілік көңілінен шықты.
Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 5 –сынып оқушылары арасында <em>«Әкем, шешем, мен және достарым»</em> атты спорттық сайыс өтті. Жарыс 7 түрлі бөлімнен тұрды. Сайысқа барлық команда қатысып, сынға түсті. Ата-ана - тәрбиенің шырағы екеніне көзіміз жетті. Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
<p> «Лицей күні» мерекесіне орай, 3-ші сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе мектеп маңындағы аумақты тазартып, ағаш отырғызып көріктендіру жұмыстарын атқарды. Іс-шара жоспары өте жақсы құрылған. Әр сыныптың жетекшісіне участік бекітіліп, жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Қажетті құралдармен жабдықталған сынып жетекшілері ата-аналарымен қуана-қуана қоқыстарды жинап, өткен жылғы жапырақтар мен шөптерді жинап, ағаштар мен бұталардың ескі бұтақтарын кесті, кесілген бұтақтарын жинады. Ортақ күшпен аз уақыт ішінде бөлінген аумақ тазарып, әдемі болып шықты. Бұл ата-ана мен ұстаздарды, оқушыларды ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік болды. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін осындай іс-шараны ұйымдастырған 3-ші сынып жетекшілері Омаршаева Нағима, Қабыкеева Үкіжан, Сапахова Динара, Кигай Армангүл, Мамекова Гүлмира сынды ұстаздарға алғысымыз шексіз.</p>
<p>Мектептің туған күніне арналған <em> «Менің сүйікті мектебім»</em> сурет байқауына 1-ші сынып оқушылары өте белсене қатысты. Ата-аналарымен қатысқан 1 «А» сынып оқушысы Шигибаева Аружан, 1 «Ә» сынып оқушысы Сапарбек Шаһизада, 1 «Б» сынып оқушысы Шайхина Айша, 1 «В» сынып оқушысы Жаңбырғалива Қаят, 1 «Г» сынып оқушысы Орынбай Адина, 1 «Д» сынып оқушысы Сүлейменова Хадиша, 1 «Е» сынып оқушысы Бақыт Айғанымдардың идеялары керемет болды. Сурет асфальтта салынды. Оқушылар өз суреттерінде өз мектебі-ең керемет мектеп екенін бейнелеуге тырысқан. «Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!» ұранымен өткен суреттер байқауы өз мақсатына жетті. Жұмыстарды бағалау барысында суреттердің мазмұны, ашылуы, сурет сапасы мен композициялық шешіміне назар аударылды. Байқау жеңімпаздары марапатталды. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ат салысқан 1-ші сынып жетекшілері Салима Егізбайқызы, Жыға Ағыбайқызы, Мара Жамбылқызы, Роза Үсенқызы, Әлия Айткеқызы, Қарлығаш Қазезқызы, Айғаныс Құлтазқызы сынды ұстаздардың мерейі арта берсін демекпіз...</p>
Хабарландыру!!!! Бүгінгі емтиханның нәтижесі 21.00 де сайтқа жарияланады. Себебі үміткерлердің көп болуына байланысты жауабы кештеу шығады.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны