Меню KDT

Новости

Главная Новости

Хаттама №2

№24 орта мектебі қамқоршылық кеңесі отырысының
          №2 хаттамасы

 

Өткізілген күні: 08.09.2018 ж

 Күн тәртібінде:

  1. Өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің анализі.

Жауапты: Ғ.Н. Сүндетов.

  1. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Жауаптылар: Кеңес мүшелері

 

Тыңдалды:

  1. Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Ғ.Н. Сүндетов сөз алды. Мектеп ұжымы 2017-2018 оқу жылы  «Жеке тұлғаға бағытталған оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізу» тақырыбымен жұмыс істегенін айтып кетті.

      2017-2018 оқу жылына мектеп ұжымы алдына келесідей мақсат қойған:                       Білім   алушылардың  табысты  оқуға   қол  жеткізуінде оқу-тәрбие жұмысын  жүйелі  ұйымдастыру  арқылы  тұлғаға  бағытталған  оқу  мақсаттарын  жүзеге   асыру.

2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы 2016-2017 оқу жылының жұмыс талдауы негізінде құрылғанын, сондай-ақ жаңа оқу жылына тұжырымдар мен ұсыныстарды есепке ала отырып, мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілгенін айтып кетті.   2017-2018 оқу жылы мектепте 70 сынып, оның 54- қазақ тілінде, 16-орыс тілінде оқытылғанын да атап өтті.

Оқу жылының басында - 1774 оқушы (ұлдар-925, қыздар-849), қазақ тілінде – 1423, орыс тілінде – 351. Мұғалімдер саны - 92+4

Оқу жылының соңында–1739 оқушы, қазақ тілінде–1396, орыс тілінде–343 оқушы болған.

Мұғалімдер саны -90+6.

Оқу үздіктері – 280

Екпінділер – 603

Жалпы білім сапасы-51%ды құрағанын да атап кетті.

      Жыл көлемінде 1-4 сыныптар және жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын 5,7-сыныптар 5 күндік жұмыс кестесімен, 6,8-11 сыныптар 6 күндік жұмыс кестесімен үш ауысымда оқыған.

      Бірінші ауысым сағат 8.00-де, екінші ауысым сағат 14.00-де басталған.

Сабақ кестесі санитарлық-гигиеналық талаптарға және жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастылған. 2017-2018 оқу жылына жоспарланған іс-шаралардың барлығы дер кезінде жүзеге асып отырғанын, мектеп директоры мен әкімшілік тарапынан қатаң бақылау орнағанын да айтып өтті.

Алдағы 2018-2019 оқу жылына келесідей ұсыныстар қойылғанын да атап кетті.

  1. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А. Исаханова сөз алды. Ол мектеп контингентінің басым бөлігін аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары құрайтындықтан, сондай-ақ биылғы оқу жылында оқушы санының артқанын айта келіп, 2018-2019 оқу жылында материалдық көмекке мұқтаж балалардың саны артатынын айтты және  материалдық көмек көрсетуді қамқоршылық кеңестің көмегімен жүзеге асыру қажеттігін атап кетті.   

                                                      Ұсыныстар:

  1. Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс түрлерін жүйелі жалғастыру арқылы пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысына, оқушылардың конференциялары мен әр түрлі сайыстарға қатыстыру жұмыстарын жалғастыру;
  2. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және ортаға салу мақсатында мұғалімдердің іс-тәжірибе алмасып, өзара сабаққа қатысуын жүйелі түрде жолға қою, мектеп мұғалімдерінің авторлық жұмыстарын мектеп ішінде тарату;
  3. Мұғалімдердің шеберлігін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарымен байланыс орната отырып, оқушыларды ғылыми бағытқа жетелеу;
  4. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне қолдау көрсету мақсатында мектепте эксперимет алаңын ашу;
  5. Сынып жетекшілердің тәрбие қызметін жетілдіру үшін жұмыстың инновациялық формалары бойынша практикалық семинарлар өткізу;
  6. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатында оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын белсендендіру;
  7. Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісінде психологиялық қызмет көрсету жұмысын және кеңес беру бағдарламасын жетілдіру;
  8. Оқушылардың бос уақыттарын толық қамту жұмыстарына ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету;

ШЕШІМІ:

      2018-2019 оқу жылына қойылған ұсыныстардың сапалы жүзеге асуын бақылауда ұстау.

          Жауапты: Мектеп директоры: Ғ.Н. Сүндетов Мерзімі: жыл көлемінде

 
ШЕШІМІ:

2018-2019 оқу жылында материалдық көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету қамқоршылық кеңесінің міндетіне енгізілсін.

Жауапты: қамқоршылық кеңесінің төрайымы- Т.Л. Лесник, кеңес мүшелері

Мерзімі: жыл көлемінде

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:                       Т.Л. Лесник

                                                   Хатшы:                        А. Тиынтай

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны