Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.10.2019

«Экосағатқа»

03.10.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектебінде экологиялық іс-шара өткізілді. Мектепте барлық сыныпта бір уақытта «Экосағатқа» байланысты сынып сағаттары өткізілді.

03.10.2019

«Эко-сағат» атты Республикалық экологиялық іс – шара өтті.

№65 мектеп – гимназиясында 3 қазан күні «Эко-сағат» атты Республикалық экологиялық іс – шара өтті. Экологиялық сабаққа 118 сыныптан жалпы 3029 оқушы, 50 ата –ана қатысты. Іс-шараға қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Егемберді Ерғали Қуандықұлы мен "Жерге жәннәт сыйлау" қоғамдық қоры төрағасы Гашек Юрий Львович қатысып, 11 сынып оқушыларына "Жердің болашағы саған байланысты"тақырыбында экологиялық сабақ өткізді. Сабақта жасыл екпелері, ағаштар мен өсімдіктердің қоршаған ортаға әсері, көгалдандыру жұмыстарының жолға қойылуы және оған оқушылар мен ата –аналардың үлесі туралы экологиялық мәселе қозғалды. Жаһандану заманында жаңа технологиялардың көптеп пайда болуына байланысты Жер-Анаға келетін зияндар және солардың алдын –алу туралы пікір сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар арасында қызу талқыға түсті. Сынып сағаттарынан соң «Түлектер аллеясына » 11 сынып оқушылары қонақтармен бірге 100 түп ағаштар отырғызды.

03.10.2019

"Эко сағат" акциясы болып өтті

Ертеңіміз өскелең ұрпаққа аманат екенін ескере отырып, болашағымызға табиғатты бұзылмаған, таза қалпында жеткізу - бүгінгі сіз бен біздің міндетіміз.
Бүгін осыған орай еліміздің барлық мектептерінде "Эко сағат" акциясы болып өтті.
Біздің мектебіміздің барлық сыныптарында тәрбие сағаты өткізілді. 1-сынып мұғалімі Алтын Нургалиева оқушыларға өзен, теңіз, суқоймаларының қалай ластанатынын іс-тәжірибе жүзінде көрсетіп, оның зияны алдымен адамнан келетінін дәлелдеп берді. Ал 3-сынып оқушылары "Табиғатты аяла" тақырыбына қойылым қойып берсе, 4-сыныптарының оқушылары квест ойындарына қатысты. Тәрбие сағаттары әр сыныпта жоғары деңгейде өтті.

02.10.2019

Сынып жетекшілер ӘБ отырысы

21.09.2019 ж. №14МГ сынып жетекшілерінің семинар-практикумы өтті.

02.10.2019

Ұстаздар мерекесі

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақылдығы,

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу-адамның асылдығы-деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, мектебімізде қазан айының 04-жұлдызында өз уақытын аямайтын, өзгенің уақытын аялайтын ардақты ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға арнайы мектебіміздің түлектері де келіп, ұстаздарына деген алғысын білдіріп, өнерлерін көрсетті. Шара жылдағы дәстүр бойынша мектепке еңбегі сіңген аяулы да ардақты ұстаздар қауымына алғыс хаттар табыс етумен ұласты.

02.10.2019

Қуанышты жаңалық!

Қуанышты жаңалық! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен спорт шеберлері арасындағы чемпионатта мектебіміздің денешынықтыру пәні мұғалімі Нұрсадин Әлібек жүлделі 3-орын иеленді. Құттықтаймыз! Әріптесіміздің асар асулары көп болсын!

02.10.2019

1 қазан - Қартар күні!

Қазанның 1 күні, шуақты күні біздің мектебіміз ақсақалды қонақтарымызға ән шашумен басталған мерекемізді арнадық!

Сағынып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүрші!

02.10.2019

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейі 1 қазан «Қарттар күніне» орай өткізілген іс-шаралар туралы

Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейе 1 қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай мектебіміздің ардагер ұстаздарымен кездесу өтті. Кездесуге мектеп-лицейде қызмет атқарып, зейнетке шыққан Д.Қойшыбаева, К.Уалиева, Р.Бекмағанбетова және кіші қызметкер Д.Шантемірова қатысты. Кездесу «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында «Дара жол» форматында өтті. Оқушылар меркелік ән-шашуларын арнап, естелік әңгімелерін тыңдады.

1-11 сынып оқушыларына «Қарттар күні құтты болсын!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар ата-әжелері туралы айта отырып, олардың қалдырған өсиеттері мен өнегелерін сыныптастарымен бөлісті.

02.10.2019

"Денсаулық күні"

"Денсаулық күніне" орай мектебімізде 1-сынып ата-аналарының арасында "Көңілді старт" сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты-ата-аналардың өздерінің денсаулықтарына көңіл аударту, оның маңыздылығын, құндылығын дәріптеу, мектеп өміріне белсене араластыру.
Қатысушы ата-аналар санына қарай 4 командаға бөлінді. Сайыс денені қыздыратын жаттығулардан басталды. Одан әрі әр команда өздеріне берілген тапсырманы жан-тәнімен орындап, аса белсенділік танытып отырды. Сайыстың қорытындысы шыққанша, ата-аналарға флешмоб ұсынылып, керемет көңіл-күй сыйланды. Жеңімпаз командалар мадақтау қағаздарымен марапатталынды.
Сайысты аса шеберлікпен ұйымдастырған Амиров Нұрсұлтан мен Орақбаева Дамираға, музыкалық сүйемелдеуші Жумабеков Рустемге алғыс білдіреміз.

01.10.2019

МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ - ҚОҒАМҒА ӨНЕГЕ

МЕКТЕПТЕГІ  ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ - ҚОҒАМҒА ӨНЕГЕ

Бүгін 2019 жылдың 1 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 5-7 сынып оқушыларымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Жергілікті полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Мұратбекова Ләззат Төкенқызымен және бірнеше полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Ләззат Төкенқызы оқушыларымызға мектептегі ішкі тәртіпті сақтаудың, оқушының ішкі ережеге бағынуының болашақта ересек өмірде қоғамдағы орнын айқындап беретіні туралы түсіндірді. Мектептегі кішкентай тәртіпсіздік үлкен құқықбұзушылыққа әкеп соқтыратынын ескерте отырып, оқушыларымызды тәрбиелі, өнегелі болуға шақырды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқушыларымызға қосымша ақпараттар айтып, қойылған сұрақтарға бала тілімен түсінікті жауап берді.

Мұндай шаралар жаңа ғана үлкен өмірге қадам басып келе жатқан оқушыларымыз үшін маңызды дүние деп санаймыз.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны