Ертеңіміз өскелең ұрпаққа аманат екенін ескере отырып, болашағымызға табиғатты бұзылмаған, таза қалпында жеткізу - бүгінгі сіз бен біздің міндетіміз. Бүгін осыған орай еліміздің барлық мектептерінде "Эко сағат" акциясы болып өтті. Біздің мектебіміздің барлық сыныптарында тәрбие сағаты өткізілді. 1-сынып мұғалімі Алтын Нургалиева оқушыларға өзен, теңіз, суқоймаларының қалай ластанатынын іс-тәжірибе жүзінде көрсетіп, оның зияны алдымен адамнан келетінін дәлелдеп берді. Ал 3-сынып оқушылары "Табиғатты аяла" тақырыбына қойылым қойып берсе, 4-сыныптарының оқушылары квест ойындарына қатысты. Тәрбие сағаттары әр сыныпта жоғары деңгейде өтті.