«Геометриялық Шеберхана» қалалық байқауда 3-ші жүлделі орынға ие болған 8 «Г» сынып оқушылары – Пономарев Валериді, Бекбаова Камилланы және Шарафутдинов Эмильді құттықтаймыз. ЖАРАЙСЫНДАР, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жеңістің 69 жылдығымен ҰОС ардагері Гарифуллина Менсұлу Магафаровнаны №3 мектеп-гимназиясының 5а және 5ә сынып оқушылары құттықтады
Отан қорғаушылар Күніне орай жоғарғы сынып оқушылары ауған соғысының ардагері отставкадағы полковник Ж.М.Ергасимовпен кездесті
Астана қаласы бойынша экология Департаментінде балалар үйлері мен мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі» тақырыбында өткен ең үздік шығармашылық жұмысы үшін Дипломмен марапатталған 9 «Г» сынып оқушысы Гараев Тимурды құттықтаймыз. ЖАРАЙСЫН, ОСЫЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРА БЕР!!!

"Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан" атты мерекелік кеште бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен татулығының нышаны ретінде әр ұлттың киімдерімен оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Мектептің КТК командалары арасында «Болашақ бүгінен басталады» атты ойындар ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында қызықты мәселелер қозғалды. Жеңімпаз командалары грамоталармен марапатталды.Ойынды ұйымдастырған директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары С.А. Кампитова

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік! 1 мамыр құтты болсын!

30 сәуір күні мектептің мәжіліс залында ҚР Халықтары бірлігі күні аясында «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер респуликалық ұйымына салтанатты қабылдау іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараға мектептің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері: «Ғафу шәкірттері» КТК командасы, оқушылар кеңесі мүшелері, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында 5А, 5Ә, 5Б, 5В сынып оқушылары «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер респуликалық ұйымына қабылданды. Салтанатты іс-шараға шақырылған қонақтар оқушыларға «Жас Ұлан» төсбелгілерін тағып, олардың ант беру рәсімдерінің куәсі болды. 6 сынып оқушыларының орындауындағы патриоттық әндер мен «Жас Ұлан» гимні іс-шараны ажарландыра түсті. Соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кампитова С. А, тарих пәні мұғалімі М. Еркінбек және ұланбасы Қуанышева А. құттықтау сөз сөйледі.

30 сәуір күні мектептің мәжіліс залында ҚР Халықтары бірлігі күні аясында «Әлемнің сегізінші кереметі» атты тақырыпта мектепішілік Жайдарман командаларының сайысы өтті. Сайысқа 7-10 сынып оқушылары арасынан: 7 7«А» сынып оқушыларынан құрылған «Шаттық» командасы, 7«Ә» сынып оқушыларынан құрылған «Алтын топ» командасы, 8 сынып оқушылары құрамасы, 9 сынып оқушылар құрамасы және 10 сынып оқушыларынан құралған «Трио» командалары қатысты. Ойын барысында командалар бүгінгі мектеп өмірінің өзекті мәселелерін қозғайтын ащы әзілдермен қатар, болашақ өмірімізден шыр шертетін қойлымдарын ортаға салды.

Сайыс соңында командалар марапатталып, мектептің қалалық жарыстарға шығатын «Ғафу шәкірттері» командасының жетекшісі Жүсіпназар Досболдың басшылығымен команданың жаңа құрамы анықталды.

Қалалық Мағжан оқуларында «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» атты мәнерлеп жатқа оқу сайысында Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 5-сынып оқушысы Ошақбаева Аружан II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны