Тәрбиелі қыз- ұлт болашағы
Астана қаласы № 68 орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы және 9 сынып жетекшілері Нұржаңыл Қабдікәрімқызы Бақтыбаева мен Бақытбекова Айнұр Мейрамбекқызының ұйымдастыруымен «Қызғалдақ» қыздар клубының аясында «Тәрбиелі қыз- ұлттың айнасы» тақырыбында тәрбиелік іс- шара өтті.Клуб мүшелері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, ой-пікірлерімен бөлісті. Қазақ қызының бойындағы дәстүрге сай әдептілік, инабаттылық сияқты ұлттың асыл қасиеттері туралы мол мәліметтер алып, әр қыз өз ұлтының мақтанышы бола алатынына сенім білдіріп, қуанышқа бөленді.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии