8ә және 9ә сынып оқушылары ҰОС ардагері А.В.Иванованы Жеңіс Күнімен құттықтады.
5Б сынып оқушылары ҰОС ардагері Ткачев Алексей Иосифовичта қонақта болды
<p>2014 ж. 6 мамыр күні 6 «м» сыныбының қыздары Тұрғамбекова О.М. жетекшілігімен ұлдарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.</p>
9-шы сынып оқушылары ҰОС ардагері Перегородов Михаил Николаевичті Жеңіс Күнімен құттықтады. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич Перегородов 1921 жылы Ыссық-Көлде туған. 1941 жылы ардагер Воронеж әскери училищені бітірген. 1942 жылы ардагер – 64 дивизия 128 полкке байланыс взводының командирі болып тағайындалды. Михаил Николаевич өз жолдастарымен бірге қанды және үздіксіз шайқаста күні түні Сталинград қаласын жаудан қорғаған. 1943 жылы Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін, жауды жойғаннан кейін Курск доғасына аттанды. Михайл Николаевич Рессей, Украина, Молдова, Румыния, Венгрия, Аустрия, Чехословакия жерлерін босатуға қатысқан. 1946 жылы әскерден босатылып, отанына қайтып оралған. 1951 жылдан бастап 1970 жылға дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҰОС 2 орденімен, 1 «Қызыл жұлдыз» орденімен, 1 «Құрмет» орденімен және 18 медальдармен марапатталған. 1942 жылы қазанда алған ең қымбат медалі «Жауынгерлік еңбегі үшін». Бүгінгі күні Михаил Николаевич отставкадағы полковник, 2 топтағы мүгедек. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич әскери дайындық сабағының мұғалімі болған, ал Антонина Ивановна балаларға еңбек сабағын жүргізді. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары үнемі ардагерлерге барып тұрады, оларды Жеңіс Күнімен, Қарттар күнімен, Отан Қорғаушылар күнімен және Мұғалімдер күнімен құттықтап тұруды ұмытпайды.
5 А сынып оқушысы Омар Рашида «Салем, Астана» Республикалық Фестиваль-байқауында Гран При жеңімпазы болды.
7-ші сынып оқушыларын Жеңістерімен құттықтаймыз! Отан Қорғаушылар Күніне арналған «Жас Әскери Техник» Техникалық Шығармашылық Қалалық Көрмесінде 2 орынға ие болды. Жетекшісі Амерханов С.Н.
<div id="panterabanner"> </div> <div id="panteracounter">Қ.Бітібаеваның атына өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиадада Астана қаласы, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Шайхыслям Ақтолқын ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды және Сертификат иеленді.</div>
Деркачева Антонина Петровна – Ұлы Отан Соғысының ардагері, байланысшы, барлаушы. Туып, өскен жері Украина, 18 жасында 1942 жылы соғысқа кетті. Украин, Белорус және Батыс майданында соғысқан. Жеңісті Польшада қарсы алды. Қазақстанда 1947 жылдан бастап тұрады.
Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында 5 В сынып оқушылары сынып жетекшісі Г.Т.Исламовамен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сафоничева Раиса Егоровна және Кальсин Владимир Васильевичпен кездесті. Балалар ардагерлердің өмірі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектері және Мәншүк Маметовамен бірге Невель қаласында шайқастарға қатысқандары туралы қызықты әңгімелерді құлшырлана тындады. Раиса Егоровна соғыста байланысшы болды, ал Владимир Васильевич қан майданында болды. Балалар ардагерлермен бірге өткен соғыс өмірлерінің беттерін көздеріне жас алып қарап шықты. Біз осы соғыстың масқаралары қайталанбас үшін ұмытуға құқымыз жоқ. Біз қазір өмір сүру үшін өз өмірлерін қиған жауынгерлерді ұмытуға құқымыз жоқ. Біз есте сақтауымызға міндеттіміз. Біз ұрпақтан ұрпаққа сол күндерде халық басынан кешкен қиындықтары туралы естелікті сақтап, жеткізіп тұрамыз. Құретті ардагерлеріміз Раиса Егоровна және Владимир Васильевич, Сіздерге денсаулық және ұзақ өмір тілейміз! Ұлы Отан соғысының ер жүрек жауынгерлері, сіздердің алдарыңызда тағзым етеміз!
Жеңіс Күні мен Отан қорғаушылар Күніне арналған 5-7 сынып оқушылары арасында «Әскери шинель» ән мен сап байқауы өтті.
Отан қорғаушылар Күніне арналған 8-9 сынып оқушылары арасында Ту ұстаушылар топтарының байқауында жеңімпаз болған 8б және 9э сынып командаларын құттықтаймыз!
2013 – 2014 оқужылының 05мамырда Астана қаласының №10 мектеп – гимназиясында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізілді.Сайыс дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: жоғары санатты ұстаз Бимағанбетов Болатбек Ғазымұлы мен ІІ санатты ұстаз Ахатан Жәнібектің ұйымдастырумен өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны