«Біз, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне ауыр күндердегі адал еңбектері үшін бас иіп, алғыс білдіреміз. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ардагерлер өздерінің азаматтық және патриоттық парыздарын абыроймен орындап шықты, бұл бәрімізге тамаша үлгі» - деді сөзінде.
Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Ұлы Отан соғысы жеңімпаздарының еркін жолы, өрелі өнегесі, қаһармандық жолы бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас өрендеріне, еліміздің нағыз патриоттарына аманат.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны