7 б сынып оқушысы Байбисенова Сымбат “Ана-менің ардағым, әке-менің қорғаным” атты қалалық жас ақындар байқауында 3 орын иеленді
Қазақстан халықтарының тілдер фестивалі аясында 2014 жылдың 17 қыркүйегінде Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Тілдер байлығы-халықтың байлығы» атты театр актерлерімен «Сыр сұхбат» өткізілді. Осы іс-шараға 10 сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсене қатысты.
30 қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылар аралығында «Тілім менің- тіршілігім, тынысым» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтамысова Арай Тоқтамысқызы өткізді.
Мектеп инспекторы полиция лейтенанты У.Н.Буранбаева 8-ші сынып оқушыларын ҚР қылмыс және әкімшілік кодексінің баптарымен таныстырды
27 қыркүйек күні «Нұр Бағдар» орталығының психолог-кеңесшісі М.Д.Ахметова болашақ мамандықты анықтау бойынша 9-шы сынып оқушыларына сауалнама жүргізді және кеңестер берді

Қыркүйек айының 26-30 күні 6-11 cынып оқушылары арасында кикілжің жағдайларды болдырмау мақсатында тренингтер өткізілді. Тренинг рөлдік ойындар түрінде өтті.

Әрбір студент көз жеткізсіз - дарын, данышпан, және табиғаттың ғажабы. Осыған орай 30 қыркүйегінің 2014 ж біздің колледжіміздің қабырғаларында гала-концерт «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты колледжішілік байқау өтті.

15-26 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан Оқу Ассосиациясының ұйымдастыруымен «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша онкүндік оқыту семинары өтті.

Семинардың ерекшелігі семинарға қатысушы мұғалімдер оқушырөлінде болып, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған стратегиялар мен әдістерден құралған сабақтарды өз басымыздан өткіздік. Әр сабақтың соңында оқушы ретінде сабақтан алған әсерімізді,ал мұғалім ретінде сабақта қолданылған стратегиялар мен әдістер туралы, сабақтың құндылығы, алдағы жұмысымызда не өзгерту керектігін ой елегінен өткізіп, рефлексия жасап отырдық. Сонымен қатар, семинар барысында оқып, үйрену мен оны тәжірибеде қолданудың қатар жүргізілгені біз үшін тиімділігін көрсетті. Яғни әр жаңа сабақта үйренген стратегиялар мен әдістердібіз өз сабақтарымызда қолданып, әріптестерімізбен өзара сабақтарға қатысып, сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктерді талқылап, тренеріміздің де пікірін тыңдап алдағы жұмыстарымызға дұрыс бағыт алуға мүмкіндік туды.

Семинардан алғанымыз, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін оларды жаттанды ақпараттардан алшақтатып, сабақта қойылған мәселені өз беттерімен табуға, зерттеуге, талдауға, салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшудің қаншалықты маңызды екеніндігі, білімнің шынайы өмірмен байланыста болуы мен алған білімдерін келешекте өз қажеттеріне жарата білуіне бағыт беру.

Қыдырбекова Гүлмира Жарқынбекқызы

6 «г» сынып оқушысы Калинкин Юрий Робототехника бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, екінші жүлделі орынды иеленді. Жарайсың, Юрий, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
23 қыркүйек және 24 қыркүйек аралығында біздің мектепте Тілдер күніне орай 8-11 сынып аралығында «Фауна», ал 5-7 сынып аралығында «Флора» атты көрме өткізілді.
27 қыркүйек күні мектеп оқушылары оқушылар үшін бағдарламалау мектебі «1с» клубының өкілдерімен кездесті
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны