«Мен қазақтың қызымын үкі таққан»

атты қыз сыны байқауына қатысушы аруларға онлайн режимінде дауыс беріңіздер!

Астана қаласында ақпан айының 15-29 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» ашық шығармашылық байқауы өтті.

Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында, азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр. ... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, Еңбегінің қызығын да көре алмай. От боп жанып өтіп кеткен ақынға Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.

Қалалық «Ғасырдан ғасырға» интеллектуалдық сайыстың ІІ орын жүлдегер командасын шын жүректен құттықтаймыз! Жетекші ұстаздарына алғыс айтамыз!
№3 мектеп-гимназиясында қыс мезгіліне арналған көркемсөз байқауы өтті.1-4 сынып оқушылары Пушкин, Бунин, Есенин, Суриков, Дуйсенбиев өлеңдерін жатқа айтты. Біздің заманымыздың және әйгілі классиктердің өлеңдерін оқыды. Бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық және әртістік өнерлерін көрсете білді. Байқауды көп жылдық еңбек тәжірибесі бар Гущина Любовь Николаевна өткізді. 1 сыныптар арасында әдеби сайысқа Кипшакбаева Б.О., ГущинаЛ.Н., ЕрмухамедоваС.К., Донцова Т.А. оқушылары ат салысты. 1 сынып оқушылары өздерінің өнерін алғашқы рет мектепшілік дәрежеде көрсетті. 2 сынып оқушыларын Бузауова А.А., Минайчева И.В., Бургандинова С.Ф., Курмашева Т.Е. атты ұстаздар дайындады. Тамаша Едіресқызының оқушылары ерекше әртістік өнерімен көзге түсті. 3 сынып оқушылары арасында әлдеқайда күрделі сайыс өтті. Красикова Л.В., Аракелян С.К., Ильина Л.Н., Солдатов О.Н. оқушылары ерекше белсенділік танытты. 1 орын- Шарафутдинов Даниэль – 3 В (Красикова Л.В.), 2 орын– Турдыматова Нулюфар -3 Д (Ильина Л.Н.), Кабыл Адлет – 3 Е (Аракелян С.К.), 3 орын – Гончаров Тимур и Газдиева Милана – 3 В, Перепечкин Владислав және Михно Артур – 3 Е, Индоиту Егор және Дворникова Мария – 3 Д. 4 сынып оқушылары тек әдеби білімдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, әр өлеңді әсірелеп жеткізе білді. Ильина Л.Н., Аракелян С.К. оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 1 орын – Петрушкевич Дарья және Турумбаева Алуа – 4 Б (Ильина Л.Н.), 2 орын – Серебренникова Маргарита – 4 Б, Шакалов Ярослав- 4 В (Аракелян С.К.), 3 орын – Шахманова Аяжан – 4 Б және Левкина Ксения – 4 В.
Бейсенбаева Ғалия Фархатқызы 3-4 сынып оқушыларымен «Жыл оқушысы-2016» сайысын өткізді.
Мақсаты: жыл қорытындысы бойынша әр сыныптардан белсенді, лидерлік қабілеті мен қоса білім де жетістіктері бар оқушыларды анықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ұжымның намысын қорғай білетін және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу;
Көрнекілік: 1Плакаттар: "Өнерлі бала - сүйкімді", "Өнерлі өрге жүзер", "Білімді мыңды жығар", "Менің болашақ мектебім".

2016 жылы 15-25 ақпан күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.
Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

Апталық мынадай жоспарда құрылды:

1. Апталықтың ашылуы

2. Ашық сабақтар

3. «Қысқы табиғат көрінісі» сурет көрмесі
4. Пойми меня.логикалық ойын

5. «Әдемі жазу - өнер» көркем жазу байқауы
6. Жолда жүру ережесін білеміз бе?
7. Ең таза күнделік
8. Ашық тәрбие сағаттары

9. Апталықтың жабылуы.

Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында апталықтың жұмыс жоспарын қорытындылады.

Шара барысында өзін үздік көрсеткендер мадақтамамен марапатталды.

Барлық өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.
Соңғы күні оқушыларға арналған концерттік бағдарлама барысында үздік деп танылғын оқушыларды марапаттау рәсімі болып өтті.Оқушыларды белсенділікке тәрбиелеген ұстаздарды да марапаттау өткізілді.

Деңгей оқыған ұстаздарымыз өздеріне берілген фокус топпен жұмыстарын сәтті өткізуде. Бастауыш сыныптар бойынша Дүйсалиева Айгул және Садыкова Жанар әдебиет пәні бойынша топтық жұмыстары сәтті шықты.Фокус топтар топтық жұмысын орындау барысында оқушылардың белсенділігінің артқанын байқады. Топтық жұмысты байқау арқылы әдіс тәсілдерімен танысы білді.

Қазақ қызына тән мінез – құлықты дәріптеу арқылы салт – дәстүрімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу және мектебіміздегі шашы ұзын қыздарды анықтау мақсатында 25 ақпан күні 5-7 сыныптар арасында бұрымды қыздар байқауы өтті.

Байқау шарттары:

Өзін – өзі таныстыру (өз қалауымен)

Жарнама (шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, бейнеролик дайындау)

Үй тапсырмасы (5 фотосурет шаш үлгісіне байланысты. Фотосуретте қатысушының өзі болу керек)

Жағдаят (сұрақтардан сүрінбей өту)

Шашы ұзын қыздарды анықтау (шаш ұзындығына қарау)

«Шолпысы әсем жарасып белге» (ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы және жүріс – тұрысын сараптау)

Жан сұлулығы мен тән сұлулығын үйлестіре білген және байқау талаптарынан сүрінбей жеңіске жеткен қыздарымыз «бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Нәтижесінде 2016 жылдың «Бұрымды қызы» 5 «Д» сынып оқушысы атанды.

Жеңіске жеткен қыздарға әкімшілік атынан сыйлық ретінде «Faberlic» компаниясының шашқа арналған сусабындары мен бальзамдары берілді.

26 ақпан күні Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 10,11-ші сынып оқушыларымен ТЖМ өкілдерімен кездесу өткізілді.
2016 жылдың 29 ақпан күні азаматтық қорғанысқа байланысты жер сілкінісі
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны