Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Шаттық" шыңын бағындырдық

         Астана қаласында ақпан айының 15-29 күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2016» ашық шығармашылық байқауы өтті. Алты мыңнан астам өнерлі оқушылар мен студенттер қатысқан сайысқа біздің мектебіміздің шәкірттері де қатысып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Күмбірлеген күйімен көрермендерді және қазылар алқасын баурап алған 11 «А» сыныбында оқитын оқушымыз Әдетхан Рауан аспапта орындау жанры бойынша, халық аспаптарында жеке орындаушы ретінде (16-20 жас аралығында) және көмейіне бұлбұл ұялаған әнші қызымыз, 7 «В» сынып оқушысы Сабитова Дильназ (10-14 жас аралығында) вокал жанры бойынша, эстрадалық әнді жеке орындаушы ретінде «Шаттық» шыңын бағындырып, алтын медаль алды. Сонымен қатар осы вокал жанрында эстрадалық  ән шырқаудан қатысқан 7 «В» сынып оқушысы Дарбаев Ғалымжан, 8 «А» сынып оқушысы Мысырғажы Мадияр және 8 «Ә» сынып оқушысы Таңатқанов Рүстемнен құралған трио қола медальға қол жеткізді. Ал хореография, киім дизайны, халық әні, театр жанры бойынша қатысқан оқушыларымыз арнайы алғыс хаттармен марапатталып, дипломант атанды. Нәтежиесінде екі алтын, бір қола медаль, төрт диплом алған «Шаттық-2016» байқауы біз үшін жемісті әрі жеңісті болды. Құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы педагог: Сағидолда Қ.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны