Меню KDT

Новости

Главная Новости

05.09.2016

Денсаулық күні

Риодағы толағай жеңістеріміздің ізімен Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығы аясында өз жұмысын бастаған "71 мектеп-лицейінің" шығармашылық ұжымы 2016 жылдың қыркүйек айының 3 жұлдызында мектеп өмірінде дәстүрге айнала бастаған "Денсаулық күнін" өткізді. Кезең-кезеңге бөлінген спорттық шаралар жас буынның салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр азаматтар мен азаматшалар болып өсуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар кіші, орта, жоғары буындарға бөлініп, түрлі спорттық сайыстарда өз мүмкіндіктерін сынады. Жақсы спорттық нәтижелер де көрсете білді. Оқушыларға арналып дайындалған бағдарламадағы флешмоб спорттық доданы мерекеге айналдырды. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз! Келесі мерекелік шарада жүздескенше!

05.09.2016

Болашаққа бастаған жол!

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Астана қаласының сол жағалауында орналасқан №71 мектеп-лицейінің ұжымы «Білім күнін» дәстүрлі түрде атап өтті. Салтанатты шараға арнайы келген қонақтардың ішінде ҰОС ардагерлері, Астана қалалық Мәслихатының депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, ата-аналар, басқа да айтулы қонақтар болды. 2016-2017 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, алғашқы тәрбие сағаттары өткізілді. Мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері келешек 2017 жылдың жас түлектеріне арнап жылы лебіздерін білдірсе, мектептің өнерлі оқушылары ән-би шашуларымен жиылған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Білім ордасы өз тарихының келесі кезеңіне батыл түрде қадам басты.

04.09.2016

" Мен - өз елімнің патриотымын! " тәрбие сағаты

"Мен -өз елімнің патриотымын! " атты білім куніне арналған сабақ барлық білім мекемелерінде аталып өтуде. 6636 əскери бөлімінен капитан Турғанбаев Бектай Қамбарбатырұлы əскери ұжымымен қонақта болды. Оқушыларға автоматты шашып жинаудан жарыс ұйымдастырып кызығушылықтарын арттыра білді. Алғашқы сәлемдесу сөзді 6636 әскери бөлімінің капитаны құттықтау тілегін біллдірді. Алда осы əскери бөлімі ұжымымен бірлесе жұмыс атқару жоспарда бар.

04.09.2016

1 қыркүйек Білім күні

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.

03.09.2016

Білімді мыңды жығар

Білім күні – студенттер, ата-аналар мен оқытушылардың барлығы үшін салтанатты мереке. Мектептердің, колледждердің және институттардың есігі айқара ашылды.

Білім – елдің игілігі құрылатын сенімді негіз. Сондықтан, өскелең ұрпақтың терең білім алуы, өз дарындарын жүзеге асыра алуы, спортпен айналысып, біздің астанамыз бен сүйікті Отанымыздың нағыз патриоты болуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.

03.09.2016

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы оқушыларға толық оқумен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында  2016  жылдың тамыз айының 25 күні АО «СБЕРБАНК» қызметкерлері №69 мектеп-гимназияның 3 оқушысына, атап айтсақ, Еспосинова Г, Кабекенов.Б. Кабекенов Т. 1 - сынып оқушыларына мектепке қажетті сөмке, құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етті. №69 мектеп – гимназия ұжымы тарапынан, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары көрсетілген көмекке өз алғыстарын білдірді.

03.09.2016

Педагогикалық кеңес

№80 мектеп-гимназиясында 3 қыркүйекте 2016-2017 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.
№1 педагогикалық кеңес тақырыбы - Білім саласындағы реформалар: мазмұнды жаңарту, үштілділік және көшбасшылық арқылы кәсіби дамуға бет бұру.

02.09.2016

2016 жылы 1 қыркүйек - Білім күні

1 қыркүйек - Білім күні салтанатты жиынмен басталды. Салтанатты жиын сағат 10.00-де басталды.

02.09.2016

1 Қыркүйек-Білім күні

2016-2017 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына 1 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды.

02.09.2016

Білім күніне арналған сынып сағаттары

1 қыркүйек күні Білім күніне орай ұйымдастырылған шарадан кейін әр сыныпта  «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында мұғалімдер мен ата- аналар қонақта болды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны