РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ
Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған танымдық көңілді үзіліс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық пазлдар құрастырды. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Аталған іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталды.
ВИДЕО
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии