«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде мектебіміздің педагогтері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. І орын – математика пәні мұғалімі Нурадинова Светлана Нурадиновна (математикалық сауаттылық бағыты). ІІІ орын – дене шынықтыру пәні мұғалімі Кусаинов Кайрат Зейнекешович (жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты). Бұл жетістіктер – ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Жүлдегер әріптестерімізді құттықтап, республикалық кезеңге жолдама алған ұстазымызға сәттілік тілейміз! Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!