🌿 Өткеннен бүгінге — кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз!
🌿 Өткеннен бүгінге — кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз!
Бүгін мектебімізде мектеп директоры Турсумбекова Майнур Есенбекқызының сынып жетекшісі болған, ұлағатты ұстаз Касенбеков Қайрат Құтылбекұлымен тағылымды кездесу өтті.
Кезінде шәкіртіне білім мен тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсеткен аяулы ұстазымен қайта қауышқан Майнур Есенбекқызы жүрекжарды тілегін білдіріп, өзіне білім нәрін берген ұстазына деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын жеткізді. ❤️
Кездесуге мектебіміздің түлектері де қатысып, келе жатқан “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтап , оқушыларымыз ыстық ықыласпен қарсы алды.
Жылдар өтсе де, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен құрметтің мәні ешқашан өзгермейді. Ұстаздан алған тәлім — өмірлік өнеге, ал шәкіртінің жетістігі — ұстаз еңбегінің жемісі.