Бүгін, 28 тамыз күні, ҚР Ұлттық музейінде Астана қаласы әкімдігінің «№32 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК-де «Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: конституциялық құндылықтар, жасанды интеллект және адами капитал» тақырыбында жаңа оқу жылындағы №1 педагогикалық кеңес өтті.
🔹 Кеңесте жаңа оқу жылындағы басты міндеттер, білім сапасы, ұлттық құндылықтар, педагогтердің кәсіби дамуы және жасанды интеллект мүмкіндіктері талқыланды.
🤝 Іс-шара аясында мектептің білім беру, мәдени-ағартушылық және әлеуметтік бағыттағы серіктестігін нығайту мақсатында бірқатар ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 🏆 Үздік нәтижелерімен ерекшеленген педагогтер мен әдістемелік бірлестік марапатталды. 🎓 Біліктілік санаттарына ие болған ұстаздарға куәліктер табысталды. 🌿 Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, жас мамандар жаңа ұжымға таныстырылды.
Бір мақсат. Бір команда. Бір бағыт — сапалы білім!
Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктер мен толағай табыстарға толы болсын!