Мектебімізде “Қамқор” жобасын жүзеге асыру аясында “Түлектердің ағаш егуі” эко-челленджі өткізілді. Аталған іс-шараға 11 “А” сынып түлектерінің ата-аналары белсенді қатысып, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына өз үлестерін қосты.
“Бір тал кессең, он тал ек” қағидасын ұстанған ата-аналар биылғы бітіруші түлектердің мектепке тартуы ретінде қылқан жапырақты, мәңгі жасыл ағаштарды ақ тілектерін арнап отырғызды.
Іс-шараның мақсаты – түлектердің мектепке деген құрметін арттыру, мектеп ауласының көркеюіне үлес қосу, сондай-ақ жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу. “Таза Қазақстан – таза мектеп, таза қала” ұстанымы бәрімізге ортақ іс екенін насихаттады.#астанабілімбасқармасы#адал_азамат_астана#akimat__astana#тазақазақстан