«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында
2026 жылдың 16 сәуір күні мектебімізде ақын Айдын Талғатұлы Байыспен кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қаламгер шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және рухани тәрбие беру.
Кездесу барысында ақын өзінің шығармашылық жолы, жазған туындылары туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар ақынның кітаптары туралы пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, кітап оқу мәдениеті мен оның адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды.