«Алтын сақа» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
2026 жылғы 10 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 3–4 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Аталған олимпиадаға мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы Ергалиев Дастан қатысып, жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Мырзаханова Айгерім Аманжолқызы.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии