Мектебімізде “Бірлік – біздің күшіміз” атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған 5-сыныптар арасында презентация сайысы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін құрметтеуді насихаттау, сондай-ақ олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болды. Сайыс барысында әр сынып өздеріне берілген ұлт туралы жан-жақты мәлімет ұсынып, сол халықтың мәдениеті, тілі, ұлттық тағамдары мен тарихы жөнінде таныстырылым жасады. Оқушылар сахналық көріністер қойып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би билеп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Шара барысында қатысушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, бір-біріне құрметпен қарап, достық пен татулықтың үлгісін көрсете білді. Әділқазылар алқасы оқушылардың шығармашылығын, дайындық деңгейін және тақырыпты ашу шеберлігін бағалап, үздіктерді анықтады.
ВИДЕО КӨРУ