Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Таңдау жаса» жобасы аясында «Сәрсенбі – кәсіби бағдар күні» қарсаңында Астана қаласының Медициналық колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету, медицина саласына қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ оқу орындарының білім беру жүйесімен таныстыру болып табылады. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының оқыту жүйесі, мамандық түрлері, қабылдау талаптары, материалдық-техникалық базасы және ішкі тыныс-тіршілігі туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алудың ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталды. Сонымен қатар іс-шара аясында практикалық бөлім ұйымдастырылып, оқушылар медицина саласына қатысты кейбір дағдылармен танысты. Кездесу оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін көрсетті.
ВИДЕО КӨРУ