Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» поэзиялық кеш.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының аспанында мәңгі сөнбес жұлдыз, жырын жүрегінің қанымен жазған ұлы ақын. Ол өз өлеңдерінде адам жанының терең сырын, туған елге, жерге деген шексіз махаббатын, өмірге құштарлық пен азаматтық ұстанымды биік деңгейде жырлады. Ақын поэзиясы – қарапайым халықтың үні, шындықтың шырағы.
Поэзиялық кештің негізгі мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, оқушылардың көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасына арналған бейнеролик көрсетіліп, оның өлеңдеріндегі терең философиялық ойлар мен адами құндылықтар туралы мазмұнды ақпараттар берілді.
Домбыраның қоңыр үнімен үндескен Мұқағали жырлары кештің әсерін арттырып, көрермендерге ерекше рухани ләззат сыйлады. Мектеп оқушылары ақынның жүрекке жетер, ел мен жерді, махаббат пен адамдықты арқау еткен өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлері мен поэзияға деген құрметтерін көрсетті.
Поэзиялық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға терең ой салып, ерекше әсер қалдырды.
Мұқағали поэзиясы – уақытпен өлшенбейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Оның жырлары – жүрекке жол табатын мәңгілік мұра. ВИДЕО КӨРУ

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны