«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әдеп күніне орай 1-сынып оқушылары арасында «Әдепті бала» атты сурет салу сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың бойына әдептілік, адамгершілік, сыйластық сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау бірінші кезеңде сынып ішінде өткізіліп, әр сыныптан үздік деп танылған оқушылар іріктелді. Іріктеуден өткен оқушылар өз жұмыстарын мектепішілік сайыста таныстырып, суреттерінің мазмұнын түсіндіріп берді. Оқушылар салған суреттерде әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Сайыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар анықталып, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланды. Аталған іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, тәрбие бағыты бойынша оң нәтижесін берді.
ВИДЕО КӨРУ