Киберқауіпсіздік – заман талабы.
Мектеп парламенті мүшелері 7 «М» сыныбы оқушыларымен «Киберқауіпсіздік – заман талабы» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, жеке деректерді қорғау дағдыларын қалыптастыру және әлеуметтік желілерде мәдениетті, жауапты әрекет етуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында парламент мүшелері:
интернеттегі алаяқтық пен зиянды сілтемелерден сақтану жолдарын;
жеке ақпаратты (фото, мекенжай, пароль) жарияламау қажеттігін;
кибербуллингтің зияны мен оның алдын алу тәсілдерін;
әлеуметтік желідегі әдеп нормалары мен жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы киберқауіпсіздікті сақтау жолдарын талқылады.
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии