Set by Set: Жасанды интеллект арқылы ғылыми жоба жасау.
2025 жылдың 5 қарашасында әдістемелік жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерімен “Set by Set: Жасанды интеллект арқылы ғылыми жоба жасау” тақырыбында практикалық шебер сабақ өтті. Set by Set ғылыми-зерттеу жұмысына тиімді енгізудің жолдары ұсынылып, ғылыми жобаның тақырыбын таңдау, мақсат пен міндет қою, деректерді талдау, қорытынды жасау және нәтижені ұсыну кезеңдері бойынша жұмыстар атқарылды.
Пән мұғалімдері топтық жұмыс жүргізіп, әр топ берілген (ChatGPT, Google Gemini, Canva AI, Research Rabbit платформаларын қолдана отырып, зерттеу процесін автоматтандыру, мәліметтерді жүйелеу және визуализациялау дағдыларын жетілдірді.Сабақ нәтижесінде педагогтер ЖИ технологияларының білім беру мен ғылыми зерттеудегі әлеуетін түсініп, оны өз тәжірибесінде шығармашылықпен пайдалануға ынталанды. Бұл бағыттағы жұмыс болашақта инновациялық ойлау мен зерттеушілік мәдениетті дамытудың маңызды қадамы болып табылады. Ұйымдастырушылар: “ AI creative” шығармашылық тобы
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии