Бүгін мектебімізде Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық рухтағы әндер айтып, би билеп, күй шертті. Сонымен қатар, Тәуелсіз елімізге деген сүйіспеншіліктерін бейнелейтін суреттерін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!
ВИДЕО КӨРУ