Білім кілтін тап!
📚✨ «Білім кілтін тап!» ✨📚
Бүгін 5-сынып оқушылары ерекше шабытпен, жоғары белсенділікпен әдеби квест ойынына қатысты. «Білім кілтін тап!» атты бұл зияткерлік саяхатта оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, білімнің биік белесіне жол ашты.
🔑 Квест кезеңдері:
«Білім белесіне бірге , Әдебиет аралы», «Тіл құпиясы», «Сиқырлы әріптер әлемі», «Қазына іздеу: Білім жолы»,«Сөзбен сырлас, қимылмен көр», «Тапқырлар мен алғырлар сайысы», «Ойна да, ойла!», «Әріптер патшалығындағы шытырман». Оқушылар әр кезеңде жылдам ойлап, бірлесе әрекет етіп, өз білімін, тапқырлығын, тіл байлығын көрсете білді.
🎉 Нәтижесінде барлығы марапаттарға ие болып, өздерінің білімге деген қызығушылығын тағы бір дәлелдеді.
Бұл күн – оқушылардың тек білім алып қана қоймай, ойын арқылы ойлануға, топпен жұмыс істеуге, тіл мен әдебиетке жақындай түсуге мүмкіндік берді.
🧠📖 «Білім – қазына, кілті – ізденіс» дегендей, бұл квест әр баланың жүрегінде із қалдырды!
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии