Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушылары күзгі молшылықты шат-шадыман көңілмен қарсы алып, ерекше іс-шара өткізді. Әр сынып дәмі тіл үйіретін жеміс-көкөніс кесінділерін дайындап, оны әсерлі түрде қорғап шықты. Балалар өз қолдарымен жасаған тағамдарын таныстырып, жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат берді. Жеміс пен көкөніске толы күзгі көрме – балғын балалықтың өнері мен ізденісінің жарқын көрінісі болды. Берекелі күз – балғын ойдың мерекесі!
ВИДЕО КӨРУ