11 қазан күні мектебімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғауға, тазалық сақтауға деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны абаттандыру. Сенбілікке мектеп ұжымы- мұғалімдер белсене қатысты. Оқушылар мектеп ауласын, айналадағы көшелерді қоқыстан тазалап, жасыл аумақтарды ретке келтірді. Мұндай шаралар балалардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Болашақта да осындай игі істер жалғасын таба бермек.
ВИДЕО КӨРУ