"Дублёр күні" мектебімізде арнайы ашылған "12-сыныпта" өзін-өзі басқару ұйымы — 11-сынып оқушылары ұстаздардың орнын басты. Оқушылар "Вирустар, инфекциялар" тақырыбында сабақ өткізіп, өздерін нағыз мұғалім ретінде сынап көрді. Сабақ барысында тақырып түсіндіріліп,тапсырмалар беріліп,сабақ құрылымы сақталып отырды. Ал ұстаздар оқушы рөліне еніп, берілген тапсырмаларды қызыға орындады. Бұл ерекше тәжірибе оқушыларға жауапкершілікті, топ алдында сөйлей білу, уақытты басқару және сабақты жүргізу машықтарын дамытуға мүмкіндік берді.
ВИДЕО КӨРУ