«Жаркын – болашақ» тақырыбында кездесу.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу сағатына мектебімізде дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
Кездесу сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылықты арттыру, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден аулақ болу және психологиялық саулық жайында түсінік беру арқылы жарқын болашаққа жол ашу. «Жаркын – болашақ» тақырыбында кездесуге:
- Полиция подполковнигі, пауэрлифтингтен спорт шебері, пауэрлифтингтен әлем чемпионатының жүлдегері, Гиннестің рекордтар кітабының алты дүркін рекордшысы,Б. Камалиев;
-Спорт шебері, қоғам қайраткері, рекордшы Сүлеймен Арман Көшербайұлы
пікір алмасу бөлімінде оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығы жайында ақпарат берді. Кездесуде оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық Аналар кеңесінің мүшесі, тәуелділіктер мен әлеуметтік кеселдердің (нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, вандализм, құмар ойынға тәуелділік) профилактикасы мәселелері бойынша үйлестіруші Ахатаева Тамара Орынбасарқызы: «Есірткі кім екеніңе қарамайды, өміріңді бірден талқан етеді» тақырыбында баяндама жасап, буклеттерді таратты.
Тәрбие орынбасары Г.Төлегенқызы:«Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасын оқушыларға баяндама жасады.
Бейнероликтер көрсетілді, пікірталас жүргізіліп, сауалнамалар мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан кеңестер беріліп, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии