1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күнімен орайлас 2 маусым күні мектеп жанынан ашылған жарқын жаздың, шаттыққа толы күндердің бастауы – «Jas қанат» жазғы лагерінің ашылу іс- шарасы өткізілді. Оқушылар өнерлі балалардың қойған концертінен жағымды эмоциялар алды. Жазғы лагерь – балалар үшін жаңа достар тауып, қызықты ойындар ойнап, өнерін шыңдайтын, ой-санасы мен шығармашылығы дамитын таптырмас мүмкіндік. Осы жазда да біз балалардың алаңсыз демалып, қуаныш пен шаттыққа бөленуі үшін барынша жағдай жасадық. Бүгінгі күні балаларымыз кішігірім концерт тамашалап, асфальтқа сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысып, түрлі ойындар ойнап, ортақ флешмоб биімен лагерь өмірінің алғашқы күнін жарқын әсермен бастады. Бұл – тек бастамасы! Алда бізді көптеген қызықты бағдарламалар, танымдық шаралар мен ұмытылмас күндер күтуде. Ендеше, осы лагерь маусымы әрбір балаға көтеріңкі көңіл-күй, шынайы достық пен жарқын естеліктер сыйласын деп тілейміз!
ВИДЕО КӨРУ