2024-2025 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі 30 - мамыр күні өткізілді. Жыл бойғы тынымсыз еңбек, шығармашылық ізденіс пен тәрбиелік іс-шаралар - барлығы да оқушылармыздың болашағы үшін, білімді де тәрбиелі саналы болуы үшін жасалды. Педагогикалық кеңесте Республикалық байқаудың жеңімпаздары, «Үздік сынып жетекшілер» мен жыл бойы мектеп дамуына өз үлесін қосқан педагогтер марапатталды. Күн тәртібіндегі барлық қорытынды есептер тыңдалып, мектеп директоры Б.А.Баймуратова 2025-2026 оқу жылының жоспарымен таныстырып, негізгі ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
ВИДЕО КӨРУ