"Балақайлар мектебі" мектепалды даярлық
М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 2 маусым күні сағат 09:00- де "Балақайлар мектебі" мектепалды даярлықтың ашылу салтанаты болып өтті. Жетекшілер ашылу салтанатында балалардың ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын және физикалық қасиеттерін арттыруға бағытталған ойындар ойнатты.Балалар ойынға белсене қатысып, сыйлықтар алды. Ата-аналар ән мен би тамашалап , ерекше көңіл-күйде отырды. Ашылу салтанатын аяқтап, жетекшілер өз топтарын ата - аналарымен қоса кабинеттерінде таныстырылым жасады. Таныстырылымда "Балаларды ерте дамыту институты " даярлаған бағдарламаны және сабақ кестесімен таныстырды. Ата- аналар "Балақайлар мектебі" туралы толық мәлімет алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии