23 мамыр күні мектебімізде талантты оқушылардың өнері мен жыл бойғы білімдегі және шығармашылықтағы жетістіктерін паш еткен “Жаңа Толқын” атты есеп беру концерті өтті. Бұл шара — оқушылардың білімге құштарлығын, шығармашылығын қолдап, олардың жан-жақты дамуына серпін беруге бағытталған. Көрермендер — ата-аналар, ұстаздар мен қонақтар — ерекше әсер алып, жылы лебіздерін білдірді.