«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Дүйсенбі- әдеп күні» қарсаңында «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті. Жиында қыз баланың әдебі, өзін-өзі ұстауы, салауатты өмір салты және жеке гигиена тақырыптары қозғалды. Жиналыстың мақсаты: қыздарымыздың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, инабаттылық пен ибалықты ұғындыру, өмірлік маңызы бар ақпараттармен бөлісу. Жиналыста оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
ВИДЕО КӨРУ