Хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. (14.04.2025 - 22.04.2025)
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
Функционалдық міндеттері:
- Педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады;
- Сабақ кестесіне сәйкес сабақ және басқа да сабақтар өткізеді, оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- Белгіленген тәртіпте оқу құжаттарын жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, журналға баға қояды;
- Оқу жылы басталғанға дейін бір рет пән бойынша орта мерзімді жоспар әзірлейді; тоқсан қорытындысы бойынша бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау жүргізеді.; - Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды;
- ҚР «Білім туралы» Заңында, Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.
Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары білімді. - Конкурсқа қатысушылардың біліктілік санаты (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер) болуы тиіс.
Байқауға (конкурсқа) қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
(жалғасы ⬇️⬇️⬇️)