Ғарышқа апарар жол: оқушыдан ғарышкерге дейін.
12 сәуір «Ғылым күні» қарсаңында 11.04.25ж күні 8-11-сынып оқушылары арасында «Ғарышқа апарар жол: оқушыдан ғарышкерге дейін» дөңгелек үстелі өтті.
Бүгінде ғылым көз ілестірмес жылдамдықпен алға озып, техниканың дамуы адам сенгісіз мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, белгісіз аспан денелері ашылып, тіпті Жерге ұқсас ғаламшарлар да табылып жатыр. Ғарышқа деген қызығушылық – ғылымға, білімге деген сүйіспеншіліктен басталады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар құс жолы галактикасындағы тылсым дүние құпиялары, ғарыш әлемі, жер ғаламшары, ай ,марстағы тіршілік, ғарыш туризмі,ғарыштық корабльдің ішкі құрлысы және ғарышты зерттеуге үлес қосқан ғарышкерлер, физика және ғарыш құпияларын, басқа ғаламшарда өмір сүру т.б. тақырыптарда оқушылар жұмысы тыңдалды. Дарынды оқушыларымызға, шәкірттеріне бағыт беріп отырған ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз.
Демек, оқушылар армандаңыз, зерттеңіз, жаңалық ашыңыз. Болашақ сіздердің қолдарыңызда!
ВИДЕО КӨРУ
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии