Президент жолдауы
Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиынға 465 оқушы қатысты. Мектебіміздің директоры Н.Ж.Елекеева жиынды ашып, өз сөзінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі : 1) Білім беру сапасын жақсарту. 2) Отбасы және бала институтын қолдау» жөніндегі тармақшаларға тоқталы
п өтті. Сондай-ақ жиынға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң ғылымдарының кандидаты,доцент Османова Динара Бақтиярқызы және Phd докторант Капсалямова Сауле Серикбаевна І. Заман талабына сай тиімді мемлекет , II. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тармақтарына тоқталып, кеңінен ашып айтты. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген, қызықтырған сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына нақты жауап алды.




Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии