Хаттама №6
Қамқоршылық кеңес жиналысы
ХАТТАМА №6
Күні : 15.05.2019ж
Уақыты: 18.30.
Қатысқандар:
Ата-аналар:-150
Сынып жетекшілер-35
Күн тәртібінде:
1)«Мектеп ішінде ақша жинау әрекетін болдырмау» Исаханова А.А. 2)«2018-2019 оқу жылында жалпы оқыту қорынан берілген заттар/көмек/ туралы есеп» Соцпедагог. Карабаева А.Т.
3)«Отчет по проделанной работе» Лесник Татьяна Леонидовна. Акрамова Юля
4)Мектепке «Smart Art» жүйесін енгізу. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Азамбай Мүшел. Презентация
5)«2018/2019 оқу жылындағы мектептің білім сапасы және Ұлттық Біріңғай тестілеу» Баяндама.Презентация на русском языке.
6) «2018/2019 оқу жылындағы бюджеттің орындалуы жөніндегі есеп»
- Алғашқы болып сөз алған мектептің әлеуметтік педагогы Карабаева Алия Толеубаевна: Биыл 2018/2019 оқу жылында жалпы оқу бөлімінен 2000000 млн.тг ақша бөлінді. Оны әлеуметтік көмекті қажет ететін 102 оқушыға бөліп бердік. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 64 қаулысына байланысты жұмыс жасап жатырмыз. Заңнан аттап өте алмаймыз. Ақшалай көмекті тек қана төтенше жағдай орын алғанда ғана беріледі. Ол үшін төтенше жағдай департаментінің анықтамасы керек. Әр оқушыға киім кешек, оқу құралдары берілді.
2.Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық атқарған жұмысы туралы ақпаратты кеңес мүшесі Акрамова Ю.Ю. жасады.
- Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Азамбай Мүшел: Мектепке «Smart Art» жүйесін енгізу арқылы көп мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз. Атап айтар болсақ, мектеп асханасынан әр оқушы карточка арқылы төлем жасай алады және ата-анасы оны бақылай алады. Бұл жобаны алдағы қыркүйектен бастап енгіземіз деп отырмыз.
- Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Сапарғазы Г.Қ.: 2018-2019 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісіне есеп беріп өтті. Есепте жалпы мектептегі оқу-тәрбие үрдісі, жүргізілген жұмыстар, алдағы жоспарланған ауқымды іс-шаралар туралы айтылып өтті. (есеп қосымшада тіркелді)
- Мектеп директоры Сүндетов Ғ.Н. 2018/2019 оқу жылындағы бюджеттің орындалуы жөнінде , жалпыға білім беретін мектеп қорының орындалуы туралы есеп беріп өтті. Мұнда оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы 100% орындалып отырғандығы, жалпыға бірдей мектеп қорының орындалғандығы туралы, ол қордың орындалуында қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы толық айтып кетті.
Шешім:
- Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылу жұмысы бойынша есебі «қанағаттандырарлық» деп танылсын.
- Мектепке «Smart Art» жүйесін енгізу жобасының енгізілуі қолға алынсын.
- Жаңа жылға бюджеттің бөлінуі бекітілсін, 2018-2019 жыл бойынша бюджеттің орындалуы «қанағаттандырарлық» деп танылсын.
- Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуының ұйымдастырылуы «қанағаттандырарлық» деп танылсын.
- Жалпыға білім беретін мектеп қорының орындалуы «қанағаттандырарлық» деп танылсын.
- Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі «қанағаттандырарлық» деп танылсын. Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар кеңесінің жұмысы бірлесе отырып жандандырылсын. Жұмыс жүргізу кеңес төрайымы Т.Л.Лесникке жүктелсін.
Мектеп директоры: Ғ.Н.Сүндетов
Кеңес төрайымы: Т.Л.Лесник
Хатшы: К.М. Тулепбергенова 8 747 4133636
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии