Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні «Жауһар жырға жүректерді бөледім» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өтті.Бұл кештің иесі Аршагүл Мөшкеқызы. Ұстаздық-ұлы жол,дара жол, дана жол, ұлағатты ұстаздық пен қасиетті қаламды қатар алып жүрген кеш иесі Аршагүл Мөшкеқызы мен оның шәкірті Тасболатов Темірхан «Туған ел» атты әнді шырқады. Дара ұстаздың тәрбиелеген шәкірттері өз өлеңдерін оқыды. Жас дарындардың өлең жинағының тұсаукесерін жасауға мектеп директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы мен келген қонақтар «Астана Дарыны» психологиялық қолдау орталығының директоры Құрманбаева Майра Жаноразовна және Түсіпбекова Алма Ақылбайқызы.Жоғары соттың аға консультанты Ербол Бейілхан атты қонақтар шақырылды.Кеш соңына қарай №4 мектеп-гимназиямыздың тарихында мектебімізге арналып жазылған әнұран тұңғыш рет шырқалды. Әнұранның әні мен сөзін жазған бүгінгі әдеби-сазды шығармашылық жыр кешінің иесі Аршагүл Мөшкеқызы.Әнұранның идея авторы Қасенова Бақытгүл Серікқызы.Мектебіміздің әнұранының жарыққа шығуына үлес қосып,қаржылай демеушілік жасаған мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Смаилова Светлана Қаукенқызына зор алғыс білдіреміз.Әнұранды орындаған Шәмші әндерінен дарын сыйлығының лауреаты,Қазақстан дауысы жобасының қатысушысы Нұрғалиев Қасқыр және Шабытфестивалінің лауреаты Бекмағанбетова Гүлжан Алпысбайқызы шырқады.келген қонақтарға алғыс білдіреміз.Осындай шығармашылық кештер көп болуына тілектеспіз!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны