Меню KDT

Новости

Главная Новости

Біздің оқушылар – жеңімпаз

 

       Сәуір айының 20-21 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық "Зерде" математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебінің ұйымдастыруымен 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы жылы олимпиадаға 102 оқушы, 30 мұғалім қатысты.

Бұл халықаралық олипиадаға астанамыздың мектептері ғана өз жүйріктерін қосып қойған жоқ, сонымен қатар, Павлодар қаласы, Қостанай қаласы, Қарағанды қаласы және Ақмола облысының математикаға алғыр өрендері бақ сынады. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан да командалар қатысты.

№66 мектеп-лицейінің атынан 2, 3 және 4-сыныптың оқушылары Ибраһим Күшай, Нұралы Кеңесбек және Ерасыл Байғожа қатысқан болатын. Ал ұстаздар бәйгесінде Сомтемірова Лилия Қоянбайқызы бағын сынады. Жекелей сында Ибраһим мен Ерасыл математика және логика кезеңдері бойынша өз қатарластарының ішінен ең жоғары ұпай жинап, 1-орын тұғырына көтерілсе, Нұралыға 2-орын бұйырды. Ал 21 сәуірде өткен командалық турдың нәтижесі бойынша 66 мектеп-лицейінің командасы жүлделі 2-орын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімдері арасынан озып шыққан ұстазымыз Лилия Қоянбайқызына да жүлделі 2-орын бұйырды.

Білім ордасының абыройын асқақтатып, үш кезеңде де жақсы нәтиже көрсетіп, екі 1-орын, үш 2-орын алып қайтқан командамызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асу көп болсын.



Алма Сайлауқызы

журналист


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны