Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі
күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне
парсы тілінде нава=жаңа +
рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі
парсы тілінде де сол мағынамен қалған (
но=жаңа +
роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Мектебімізде 1-11 сыныптар арасында Наурыз мерекесі аталып өтті. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді келешек ұрпаққа түсіндіру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.




