

№10 мектеп-гимназия директоры М.А.Ташенова оқушыларды акцияның мақсатымен таныстырып, келген қонақтарға сөз берді. Акция қонақтары ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Зауре Далеловна Ахметова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Петрович Честнов, Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығының директорының орынбасары Руслан Кусаинович Сатыбалдеев акцияға қатысушыларды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп ұжымы мен оқушылары әнші Шахаризат Сейдахметпен бірге «Сау болу - сәнді» ұранымен ән әуенімен жаттығу жасады. «Х-фактор – 2018» жобасының жеңімпазы, мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Биржанова Дильнураның орындауындағы «Қазақ елі осындай» әніне флешмоб билеп, соңынан барлық балалар қол ұстасып салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын білдірді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны