Меню KDT

Новости

Главная Новости

«13 жас-мүшел жас»

«13 жас-мүшел жас»
2019 жылдың 16 наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында No10 мектеп –гимназиясында 7А сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен Наурыз мерекесінің қарсаңында «Мүшел тойы» өткізілді.


Іс –шараның басты мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшел жастың сырын ашу, ұлттық əдет-ғұрпымыз бен салт- дəстүрімізді құрметтеп, имандылыққа бейімдеу. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, əдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тəрбиелеу.

 
Кеште, Астана қаласы Білім жаңарту орталығының əдіскерлері Эльвира Уахитқызы, Дамира Ернарқызы, «Атамекен» платформасы жетекшісі Алибаева Г.Ө. жəне No1,31,35,45 мектептердің тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қонақ болды.

Кеш ерекше өтті. Кигіз үй тұрғызылып, сахна ұлттық нақышта безендірілді. Қазақ халқының баланың жаратылысынан бастап өсіп-өнгенше салт—дəстүрлері өз құшағына алып тəрбиелейтін маңыздылықтары ашылып, көрсетілді. Алғашқы мүшелде ұлдар ержетіп, қыздардың бой түзей бастайтыны туралы мəні ашылды. Қыздарға шашбау тағу дəстүрі көрсетіліп, үкі тағылды. .

Оқушылар ата-аналарына арнаған «Алғыс кітабының» тұсаукесері болып, сыйлық ретінде ата-аналарға таратылды. Кештің өн бойында «Тілек альбомына» қонақтар өз ақ тілектерін жазды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны