Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында ақпан айының 22 жұлдызында «Өмірге ия деп айт!» акциясы барысында
Тренингте психологтар оқушылардың ішкі жан дүниелеріне тереңірек үңіліп, оқушылар өз бойларындағы мазасыздану, қобалжу сезімдерімен бөлісті.
Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп, «Адам өмірі – басты құндылықтар», «Менің мақсатым» тақырыптары талқыланып, оқушылар өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар сыныптың ауызбіршілігін, ұйымшылдығын қалыптастыру мақсатындағы «Шеңбер ішіндегі доп» тренинг жаттығуын қызығушылықпен орындады.
Оқушылар тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жаттығуларды ықыластарымен орындап, өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес екендігін ұғынуға мүмкіндік алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны