Құрметті оқушылар, назар аударыңыздар!
Сіздерге «Көктем аруы» сұлулық байқауы өткізілетінін хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды қазіргі эстетикалық және адамгершілік құндылыққа баулу, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және қыз балаларды тән сұлулығы мен жан сұлулығын үйлестіруге тәрбиелеу.
Сұраныстар 22 ақпаннан бастап 3 наурызға дейін қабылданады. «Көктем аруы – 2019» байқауында 8-11 сынып аралығындағы қыздар бағын сынай алады. Сұраныстарды assel_bimykova @mail.ru поштасына жібересіз. Сұраныста міндетті түрде қатысушының суреті болуы тиіс. Сұраныс критерийлері:
«Көктем аруы» өзін басқаларға үлгі ретінде санап, биік бағанды ұстануы тиіс, дара тұлға болып, мәдениетті,білімді және дарынды болуы тиіс. Барлық қабілеттерді көрсету мүмкіндігі финалда, яғни, 5 наурыз күні сағат 12.00-де болады. Финалға өткен қатысушылармен бірге олардың қолдау тобы келе алады.
Финал 4 кезеңнен тұрады:
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны