Астана қаласы №10 мектеп-гимназия білім ошағында 9 мамыр Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналғанм мерекелік іс-шара өтті. Мектеп оқушыларымен дайындаған мерекелік іс шара өз деңгейінде аталып өтілді. Мектеп директоры Ташенова М.А. құттықтау сөз айтып ата-аналармен ұйымдастырылған сыйлықтар табыс етілді. Алматы ауданы Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Горбань Н.Н. сөз алып ардагерлерді құттықтады. Жыл өткен сайын арамыздан ардагерлер азайып барады. Ол кісілердің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.