Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиын уақытында басталып, мектеп директоры және келген қонақтардың құттықтау сөздерімен ашылды. Алғашқы қоңыраудың басты куәгерлері 1-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, 8-сыныптар ұжымдық би билеп, өлеңдерін айтты. Бірінші сынып оқушыларына арналған Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыйы «Менің Отаным -Қазақстан» атты кітабын он бірінші сынып оқушылары табыстады. Сондай-ақ 11-сынып оқушысымен 1-сынып бүлдіршіндері алғашқы қоңырау үнін сыңғырлатып, алғашқы "Мен, Қазақстанның патриотымын!" атты сынып сабағына шақырылды. 1 сынып жетекшілері ата-аналарына алғашқы жиналысын да ұйымдастырып, коучинг жүргізді.Және де ата -аналарға арналған ата-анаға кеңес атты қағаздар таратылды.