Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №365 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары» негізінде өткізіледі.
|
Лауазымы |
Бос орын саны |
Оқыту тілі |
Қосымша ақпарат |
|
Бастауыш сынып мұғалімі |
7 |
Қазақ тілі |
Екі мұғалім баланың күтіліміне байланысты демалыста отырған жұмыскердің орнына |
|
Орыс тілі мұғалімі |
2 |
Қазақ мектебіндегі орыс тілі |
|
|
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі |
2 |
Қазақ мектебіндегі ағылшын тілі |
|
|
Математика пәнінің мұғалімі |
2 |
Қазақ тілі |
|
|
Физика пәнінің мұғалімі+ лаборант |
1 |
Қазақ тілі |
Екі мұғалім баланың күтіліміне байланысты демалыста отырған жұмыскердің орнына |
|
Химия пәнінің мұғалімі+ лаборант |
1 |
Қазақ тілі |
|
|
Технология пәнінің мұғалімі (ұлдар) |
1 |
Қазақ тілі |
|
|
Сызу, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі
|
1 |
Қазақ тілі |
Екі мұғалім баланың күтіліміне байланысты демалыста отырған жұмыскердің орнына |
|
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі (қыздар)
|
1 |
Қазақ тілі |
Екі мұғалім баланың күтіліміне байланысты демалыста отырған жұмыскердің орнына |
Біліктілікке қойылатын талаптар
Мұғалім: салаға сай жоғары педагогикалық білімі /бакалавр/, бастауыш сынып мұғалімдері үшін арнайы орта білімде жеткілікті, еңбек өтелі талап етілмейді.
Конскурсқа қатысушылар үшін Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар дағдыларын білу шарт.
Конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде мектепке қолма-қол, немесе почта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
Конкурсты өткізу тәртібі:
Конкурсты 2017 жылы тамыз айының 03 ( бірінші) және 23 (екінші) күндері өткізіледі.
Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау 2017 жылдың 21 шілдесіне( бірінші лек) және 15 тамызға (екінші лек) дейін жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін, 5 жұмыс күн ішінде комиссия қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалап, конкурсқа жіберілетін кандидаттардың тізімін бекітіп, оларды 3 күн ішінде хабардар етеді. Сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Конкурс тағайындалған күні сағат 10:00 –ден бастап конкурсқа жіберілген қатысушылармен конкурстық комиссия әңгімелесу жүргізіледі.
Әңгімелесу жүргізілген кезде кандидаттардың осы лауазымға функуционалдық міндеттерді орындауына қажетті кәсіби білімдерін айқындайды.
Комиссия отырысының қортындылары бойынша шешім кандидаттың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен бір күн ішінде қабылданады.
Мектептің конкурстық комиссиясы әңгімелесуден өткен кандидаттарға конкурс аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды және комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін (болған жағдайда) жібереді.
Комиссиясының оң қортындысына ие болған кандидатпен мектеп директоры еңбек шарттырын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Мектеп мекен – жайы:
010000 Астана қаласы Сарыарқа ауданы, Көктал (2) кенті Құсмұрын көшесі 2 үй, 105 кабинет
Конкурстық комиссияПосмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны